Қазақстандықтар үшін наурыз айында демалыс ұзағырақ болайын деп тұр. Аптаның 5 күнінде жұмыс істейтіндер 14 күн демалады. Көктемнің алғашқы айында екі ресми мереке бар. Ол 8-ші наурыз – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы.
Демек бес күн жұмыс істейтіндер 8, 9, 10 наурызда үш күн демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 8-10 наурыз – демалыс, ал 9 наурыз жұмыс күні болып саналады.
Наурыз мейрамында, яғни, 21 мен 25-і аралығында бес күн демалыс болып белгіленді. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз -жұмыс күні, олар 21 мен 24 наурыз аралығында демалады. Бұған сенбі-жексенбі күндерін қосыңыз.
Торғын Мелісқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандықтар наурыз айында 14 күн демалады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189730/)