Биыл қазақстандықтар әлемнің 43 еліне визасыз саяхаттай алады. Оның ішінде шенген аймағынан тыс Еуропа және Азия елдері бар. Беларусь, Доминикан Республикасы, Қырғызстан, Палестина, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты елдерге көк төлқұжатпен-ақ баруға болады. 90 күнге саяхаттауға болатын кейбір елдерге алдын ала тіркеуден өту керек. Ал сапарыңызды Оңтүстік Корея мен Шри-Ланкаға жоспарласаңыз, саяхатқа рұқсатты электронды түрде алу керек. Мұнда 1 айға дейін тұрақтауға болады.
Өзге де визасыз баруға болатын елдердің тізімі экрандағыдай. Сондай-ақ, мамандар саяхатқа шығуды жоспарласаңыз, тізімдегі елдердегі саяси жағдайды анықтап алуға кеңес береді.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандықтар 43 елге визасыз саяхаттай алады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189735/)