Қарағанды облысында мектептерге жүргізілген прокурорлық тексеру барысында медициналық қызмет көрсетпеу, сонымен қатар жарамдылық мерізімі өткен дәрі-дәрмекті сақтау фактілері анықталды. Осылайша 7000 оқушының мүддесі қорғалды. 2022 жылдан бастап білім ошақтарында 3000-ға жуық оқушыға медициналық қызмет көрсетілмеген. Тіпті мектептердің бірінің медициналық кабинетінде аллергиялық және шок реакциясының ауыр түрлерінде қолданылатын, жарамдылық мерзімі өткен, «Преднизолон» ампулалары сақталған.
Сондай-ақ, басқа да білім мекемелерінде жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілік препараттар табылды.
Айжан Оразбекова, облыс прокурорының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға көмекшісі:
Прокурорлық тексеріс барысында медициналық қызмет көрсетпеу, сонымен қатар жарамдылық мерізімі өткен дәрі-дәрмекті сақтау фактілері анықталды. Қадағалау шараларымен ескірген дәрі-дәрмектер түгел жойылды. Бүгінгі таңда кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында мектепте жарамдылық мерзімі 7 жыл бұрын өткен дәрілер сақталған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189736/)