Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» шекаралық өткізу бекетінде 25 жүк көлігі кептелісте тұр. Демалыс күндері жиналған ауыр техника саны 280-ге жеткен.
Мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының айтуынша, қазір жағдай қалыпты. Шекарадан өткізу, тексеру шарасы штаттық тәртіпте жүріп жатыр. «QazAvtoJol» мамандары осы бекет орналасқан Самара-Шымкент халықаралық маңыздағы күре жолы түгел тазартылғанын, жол ашық екенін мәлімдеді. Жолшылардың айтуынша, кептеліс Ресей жақтағы Маштаков бекетінде байқалады.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҚО-да жүк көліктері кептелісте тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189747/)