Мал ұрлығымен айналысып келген 12 топ ұсталды. Ішкі істер министрлігі Қазақстанның барлық өңірі бойынша «Мал ұрысы» жедел-профиллактикалық шарасын жүргізіп, үш күннің ішінде күдікке ілінген 94 адамды ұстады. 400-ге жуық маман жұмылдырылған ісдестіру жұмыстарының нәтижесінде 141 мал ұрлығы анықталып, базар, павильон мен мал сою орындары тексерілді. Сондай-ақ 360-астам ұрланған мал иесіне қайтарылды. Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл рейд әрі қарай жалғасады.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мал ұрлығымен айналысқан 12 топ ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189797/)