Бразилияның батысында өткен аптадан бері жауған жаңбырдан Акри штатындағы өзен арнасынан асып, Бразилия қаласын толықтай су басты. Оған апаратын жалғыз көпір жабылған. Осы аймақтағы 22 қаланың 17-де төтенше жағдай жарияланып отыр.
Соңғы мәліметке қарағанда, үйлерінен айырылғандар мен эвакуацияланғандар саны 11 мыңнан асып кеткен. Жергілікті үкімет баспанасыз қалғандарға азық-түлік жөнелтіп, топан су жайлаған елдімекендерде құтқару операцияларын жүргізіп жатыр. Әзірге құрбандар туралы хабар түскен жоқ.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бразилияның 17 қаласында төтенше жағдай жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189846/)