Шымкентте газға уланып, бір адам көз жұмды. Тағы үшеуі ауруханаға түсті. Болжам бойынша табиғи газға жалғанған қазандықта ақау болған. Оқиға орнына төтенше жағдайлар мен газ тарату мекемесінің 5 құтқарушысы мен 2 техникасы көмекке барды. Әзірге белгілісі, қайтыс болған - үй иесі. Оқиға Игілік шағын ауданындағы жер үйлердің бірінде болды.
Ғани Қалмаханов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте бір адам газдан уланып қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189851/)