Боливияның солтүстік-батысында бірнеше күн бойы төпелеп жауған жаңбыр алапат тасқынға ұласты. Соңғы мәліметке қарағанда, Кобиха қаласын түгелдей су басқан. Осыған байланысты 500-дей отбасы үйлерін тастап кетті. Олар қауіпсіз жерге қайықтармен көшіріліп жатыр. Ал Гуанай өзені арнасынан асқанда, байырғы үндістердің ауылында топан судан 350-ден астам үй қирады.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Боливияның солтүстік-батысын су басты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189876/)