Бүгін Мемлекет басшысы теміржол саласының ардагерлерімен кездесті. Олардың қатарында Қалтай Сәмбетов, Борис Есенаманов, Марат Хамзин, Болатбек Дүйсемәлиев сияқты сала құрметтілері бар. Президенттің айтуынша теміржолсыз экономика дамымайды. Өйткені жол – тіршілік көзі. Ең басты әлеует – табиғи ресурстар емес, тауар тасымалдау, логистикалық тізбектерді жолға қою деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:
Жол деген тіршіліктің көзі ғой. Теміржол болмаса, экономика дамымайды. Мен теміржолдың дамуына баса назар аударып жатырмын. Енді сіздерді жақсы білемін. Теміржол жүйесінде көптеген қызмет еттіңіздер. Тек қана аманшылықпен кездесе берейік.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы: Теміржолсыз экономика дамымайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189897/)