«Отау» ипотекалық бағдарламасына 9-20-19 жүйесімен өтініш қабылдана бастады. Өтініштер «Отбасы банк» арқылы қабылданады. Оған 18 бен 63 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Оларға қойылатын талап «Отбасы банкте» 1 млн теңге көлемінде депозиті болуы керек.
Сондай-ақ соңғы 5 жылда өзінің және туыстарының атында үй болмаған болуы міндетті. Егер баспананы Астана мен Алматы қалаларынан алатын болсаңыз осы қалаларда тіркелген болуыңыз міндетті. Өтініш 30 сәуірге дейін жалғасады.
Нұрсұлтан Тілектес
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Отау» ипотекалық бағдарламасына «9-20-19» жүйесімен өтініш қабылдана бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189992/)