![АҚШ Федералдық резерв жүйесі пайыздық үстемені өзгеріссіз қалдырды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_846.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
АҚШ Федералдық резерв жүйесі пайыздық үстемені өзгертпеу туралы шешім қабылдады. Яғни, Америка орталық банкі бұл мөлшерлемені бұрынғыдай 0,25-0,5 пайыз деңгейінде қалдырып отыр.
Резерв жүйесінің президенті Джаннет Йеллен мәлімдегендей, үстемені көтеру үшін еңбек нарығындағы жағдай мен баға жақсаруы керек.
Оның үстіне, АҚШ-да жалпы экономикалық жағдай болжамдағыдай болмай тұр.
Мұнда жалпы ішкі өнім 2016 жылы 2,2 пайызға емес, 2 пайызға өсуі мүмкін.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ Федералдық резерв жүйесі пайыздық үстемені өзгеріссіз қалдырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/19/)