Елімізде мобильді аударымдар 30 пайызға азайды. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, халықтың қолма-қол ақшаға сұранысы артқан. Мәселен қаңтар айында алматылықтар 534 млрд теңгені картасынан шығарып, қолында ұстаса, екінші орында астаналықтар. Үштікті қорытындылап тұрған шымкенттіктердің де үлесі бар.
Ал қолма-қол ақшаның ең аз көлемі Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында тіркелген. Яғни, мұндағылар әлі де қаражаттарын банк карталарында ұстағанды жөн көреді.
Самал Қабышева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде мобильді аударымдар 30 пайызға азайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/190008/)