Қазақстандық өнімдердің үлесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың, жер қойнауын пайдаланушылар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алу рәсімдерін жетілдіру жұмыстары басталды. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов, Мемлекет басшысына баяндады. Бұдан бөлек, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай мен экономиканың өсімін қамтамасыз ету жоспарымен бөлісті. Отандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту үшін қабылданып жатқан шаралар жайында мәлімет берді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, елді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Премьер-министрді қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/190039/)