Елімізде бүгіннен бастап блогерлерге қатысты жаңа ереже күшіне енді. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, заң жобасы Қазақстанда қауіпсіз онлайн орта құруға бағытталған. Құжаттағы көрсетілген негізгі құқықтық тетіктердің бірі – желідегі жарнаманы таңбалау міндеттемесі. Яғни, блогерлер әлеуметтік желілерге орналастыратын жарнама материалдарын таңбалауға тиіс. Әлеуметтік жарнаманы және жедел хабар алмасу қызметтерінде орналастырылатын материалдарды белгілеудің қажеті жоқ.
Қуан Нұрақын
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде бүгіннен бастап блогерлерге қатысты жаңа ереже күшіне енді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/190065/)