Польшада жүргізуші көлікпен көпшілікті соғып, 19 адамды жаралады. Оқиға елдің солтүстігіндегі Щецин қаласында болған. Зардап шеккендердің ішінде 6 бала бар. Ал госпитальге түскендердің екеуі ауыр халде жатыр.
Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, оқиғадан кейін 33 жастағы ер адам тұтқындалды. Тергеудің алдын-ала қорытындысына қарағанда, ол алкогольдік ішімдік немесе есірткі қолданбаған.
Рейтер агенттігінің хабарлауынша, күдікті психиатриялық клиникаға емделуге жіберілді. Тағы бір айта кететін жайт, оның әрекеті «террористік акт» деп сипатталмаған.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Польшада жүргізуші көлікпен адамдарды соғып, 19-ын жаралады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/190067/)