Атырау облысы Құрманғазы ауданында бірнеше күннен бері қамыс өртеніп жатыр. Өрт ошағы Каспий теңізіне жақын әрі айналасы қамыс, сулы-батпақты болуына байланысты көлік құралдары жете алмай отыр. 100 гектар аумақ күлге айналған. «Әзірге маңайдағы елдімекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - дейді аудандық төтенше жағдайлар бөліміндегі қызметкерлер. От неден тұтанғаны белгісіз.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысында бірнеше күннен бері қамыс өртеніп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/190098/)