Атырау облысында өрттің аумағын бақылауға тікұшақ тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында өрттің аумағын бақылауға тікұшақ тартылды

04.03.2024

Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы қамыс өрті дес берер емес. Өрттің аумағы үлкейіп барады. Сондықтан барлау жұмысына тікұшақ тартылды.

Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:

2 наурызда басталған өрттің ошағы Құрманғазы ауылынан 40 шақырым қашықта. Әзірге елдімекендерге қауіп жоқ. Бірақ, қызыл жалын күш алып, 700 гектар жердегі қамыс күлге айналды. Өртке оранған аумақ қамыс, сулы-батпақты болғандықтан, көлік жете алар емес. Оттың неден шыққанын мамандар анықтап жатыр.

Жантөре Демешов, облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы:

Аңшылар болсын немесе балықшылар тамақтарын бірдеңелерін пісіретін болса, орындарын өрттерін өшірмей кетеді немесе т.б. жағдайлар. Қамыс өсімдіктерінің өртенетін себептері оларды қабан болсын басқа да аңдарды жануарларды бір шетінен шығару үшін шетінен өртеуі де мүмкін.

Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:

Бүгін таңертең ауданға тікұшақ барып қонды. Қазір барлау жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге, тікұшақты өртті сөндіруге пайдалана ма, жоқ па ол өрттің қалай өрбейтініне байланысты.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу