Елімізде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактілері көбейген. Тіпті, бір айда 2 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды. Бұл 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 45% көп. Өрт қауіпсіздігі талаптарын әсіресе көлек жүргізушілері сақтамайды. Қаңтарда 200 жүргізушіге айыппұл салынды. Бұдан бөлек, қалдықтарды өртеу кезіндегі талаптар ескеріле бермейді. Әрі өртке қарсы жүйелерді бүлдіру, оларды пайдалану ережелері сақталмайды. Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылықтардан бөлек, қаңтарда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуға байланысты 27 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 200 жүргізушіге айыппұл салынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/190108/)