Қостанайда балабақша тәрбиешісі баланы соққыға жыққан. Оның бұл әрекеті бақылау бейнекамерасына түсіп қалған. Бейнежазбада тәрбиешінің есік алдында тұрған ер баланы ұрып құлатқанын көруге болады. Сонан соң қолынан сүйреп апарып орындыққа отырғызады. Тәрбиеші арнайы баппен жұмыстан қуылды. Ол заңға сәйкес жазаланады. Балабақша директорына қатаң сөгіс берілді.
Дәуренбек Әбдібек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанайда баланы ұрған тәрбиеші жұмыстан қуылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/190115/)