Ақтөбе облысында жол апатынан 8 адам қайтыс болды. Оқиға «Ақтөбе-Астрахань» тас жолының 120-шы шақырымында, Мұғалжар ауданының аумағында болған. «Ларгус» және «Тойота Хайлюкс» маркалы көліктер соқтығысқан.
Жолашулар отырған «Ларгус» көлігі бірден отқа оранып, 8 адам сол жерде көз жұмды. Үш адам әр түрлі дене жарақатымен Қандыағаш қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Олардың біреуі – бала. Қайтыс болғандардың ішінде 3 бала бар. Тағы үш адам медициналық көмекті қажет етпеген. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Жақсыбек Кемал
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе облысында жол апатынан 8 адам қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/190234/)