Атырауда жолақысын төлеуден бас тартқан жолаушы автобус жүргізушісін соққыға жықты. Бейнекөрністен №22 бағыттағы көлікте 47 жастағы жігіттің жүргізуші кабинасын ашып, бас-көзге қарамастан ұрып жатқанын көруге болады. Онымен қоса, бұзақы валидатор қондырғысын да сындырған.
Қазір жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мәселенің мән-жайы анықталып жатыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда жолаушы автобус жүргізушісін соққыға жықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/190236/)