Ақтөбе облысында жол апатынан қайтыс болған 8 адамның төртеуі – мектеп оқушысы. Ата-аналары оларды қалаға апару үшін мектеп басшылығынан сұрап алғаны белгілі болды.
Оқиға бүгін таңда «Ақтөбе-Астрахань» тас жолының 120-сыншы шақырымында, Сағашилі ауылының маңында болды. «Ларгус» және «Тойота Хайлюкс» маркалы көліктер соқтығысқан. Салдарынан «Ларгус» көлігі лезде отқа оранып, 8 адам сол жерде көз жұмды. Үш адам Мұғалжар аудандық ауруханасына жеткізілді. Полиция департаменті қайғылы оқиғаға қатысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал облыс басшылығы жол апатынан зардап шеккендердің отбасыларына жан-жақты көмек көрсетілетінін хабарлады.
Нұргүл Бертілеуова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
Кәмелет жасқа толмаған балалар. Атап айтқанда, Шұбарши орта мектебінің 4 және 6 класс, Шұбарши мектеп-бөбекжай бақшасының 6 класс, Кеңқияқ орта мектебінің даярлық тобының оқушылары. Барлық бала да өз ата-аналарымен, туыстарымен болған. Балаларды заңды өкілдері отбасылық және денсаулық жағдайына байланысты сабақтан сұрап алған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе облысында жол апатынан қайтыс болған 8 адамның төртеуі – бала&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/190259/)