Республикалық айтыс 9 наурызда Сыр өңірінен бастау алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық айтыс 9 наурызда Сыр өңірінен бастау алады

07.03.2024

Дәстүрлі құндылықтарды дәріптейтін дүбірлі дода. Бір жылға дейін жалғасатын Республикалық айтыс 9-шы наурыз күні Сыр өңірінен бастау алмақ. Еліміздің барлық аймағынан қатысатын 20 команда 4 кезең бойынша сынға түседі. Көзіқарақты көрермен дәстүрлі доданы көгілдір экран арқылы да тамашалай алады.

Аманжол Әлтай, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі:

Бір әрбір аймақтың мәдени байланысын, өнер бйланысын бір-біріменен нығайту мақсатында осы жобаны қолға алып отырмыз. + 03:38-04:00 Бұл тек қана біздің бабадан келген байтақ өнеріміз айтысты ұлықтауға ғана емес, ұлттық өнеріміздің бірнеше жанрына, соны көтеруге, соны дамытуға мақсат тұтады. Ол айтыс өнері, термешілік өнер, дәстүрлі ән өнері және күй өнері.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу