Қазақстанда – 10 млн 260 мың 57 әйел бар. Ұлттық статистика бюросы осындай мәлімет таратты. Әйелдердің 63 пайызы - қалада, 36 пайызы - ауылды жерлерде тұрады. Ал өңірлер бойынша алып қарайтын болсақ, Алматы қаласы мен Түркістан және Алматы облыстарында қыз-келіншек көп. Жас шамасы тұрғысынан сараласақ, еліміз бойынша 18 жасқа дейінгі қыздардың саны – 3,3 млн. 18-ден 60 жасқа дейінгілердің саны - 5,3 млн болса, 60 және одан жоғары жастағы апа-әжелеріміздің саны – 1,6 млн, - дейді сарапшылар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда 18-60 жас аралығындағы 5,3 млн әйел бар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/190327/)