Алматылық құтқарушылар қиранды астынан адам іздеуге арналған құрылғы сатып алмақ. Құны 105 млн теңгеден асатын техникаларды құтқару қызметі мемлекеттік сатып алу сайтына орналастырған. Бұл сомаға үйінді астынан адам іздестіруге арналған 5 бейне эндоскоп, 5 микротолқынды және 5 әмбебап радар сатып алу жоспарланған. Байқауға қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау 13-28 наурыз аралығында жүргізіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматылық құтқарушылар қиранды астынан адам іздеуге арналған құрылғы сатып алмақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/190434/)