Мәскеу облысында құрылыс материалдары сақталған қоймада өрт болды. Тілсіз жау 1000 шаршы метрге жуық жерді шарпыған. Жанар-жағармай материалы бар контейнер ашылып, сұйықтық төгілді. Бірнеше сағаттан соң, биіктігі 5 метр болатын шатыр құлаған. Өртпен күреске 20 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды. Қоймадағы 200-ге жуық жұмысшы құтқарылды, зардап шеккендер жоқ.
Индира Бегайдар
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәскеу облысында қоймада ірі өрт болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/190473/)