Қазақ пен Әзербайжан халқының бауырластығы жоғары. Тамыры тереңде жатыр. Сондықтан оның қадірін жастар біліп, бағалауы керек. Астанадағы Әзербайжан диаспорасының ақсақалдар кеңесінің өкілі Нағы Керимов осылай дейді. Оның ата-бабасы саяси қуғын-сүргін заманында қазақ жеріне қоныс аударған. Өзі осы Қазақстанда дүниеге келіп, өсіп-өнген.
Нағы Керимов, Әзербайжан диаспорасындағы Ақсақалдар кеңесінің өкілі:
Біздің Астанамыздың ортасында Әзербайжанның марқұм президенті Гейдар Әлиев атындағы көше ашылды. Қазіргі Президент Ильхам Әлиев келген еді. Қасым-Жомарт Кемелұлы да болды. Ал Бакуда Абай Құнанбаев көшесі бар. Біздің бір-бірімізге бауырмалдығымыз Түркі халқының жақын болғандығын көрсетіп жатыр. Біз бір-бірімізге бауырлас елміз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақ пен Әзербайжан халқының бауырластығы жоғары&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/190498/)