Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады. Тимур Сүлейменов Ұлттық банктің былтыр және биылғы қаңтар-ақпан айларында жүргізген ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берді. Сонымен қатар, жылдық инфляцияның бәсеңдегенін және «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайлы баяндалды.Бұдан бөлек, клиенттердің қаражатын алаяқтардан қорғау мақсатында антифрод-орталық құру, бюджет шығыстарының ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін цифрлық теңгенің әлеуетін пайдалану жайында айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк қызметінің негізгі бағыттарына қатысты бірқатар міндет жүктеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысына Ұлттық банк төрағасы есеп берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/190554/)