Академиялық адалдық принципін бұзған докторанттарға PhD доктор дәрежесі берілмейді. Докторлық диссертацияны қорғауға толыққанды тыйым салынады. Бұл туралы семинарда айтылды. Сыртқы бағалау және талдау департаменті басшысының айтуынша, былтыр 8 диссертациялық жұмыс бойынша, осындай шешім қабылданды. Бір диссертациялық кеңес жабылған.
Айта кетейік, академиялық адалдық, ол – принциптер мен құндылықтардың жиынтығы. Жазбаша жұмыстар, яғни бақылау, курстық, эссе, дипломдық, диссертацияларды орындауда адал болу.
Аида Ахметбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Академиялық адалдық принципін бұзғандарға PHD доктор дәрежесі берілмейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/190697/)