Түркістан облысының Келес ауданында 5 жасар бала суға батып кетті. Бүлдіршінді алдымен ата-анасы демалыс күні жоғалып кетті деп полицияға хабар берген. Біртілек ауылының тұрғындары суару каналының жағасынан баланың аяқ киімін тауып алған еді.
Осыдан кейін сүңгуірлер шақыртылып, олар күндіз-түні іздеді. Іздеу жұмыстарына жүзге жуық төтенше жағдайлар қызметкері мен тәртіп сақшысы, жергілікті тұрғындар және әкімдік қызметкерлері жұмылдырылды. Жоғалған баланың денесі үйінен 2 шақырым қашықтан табылды.
Айнұр Ақбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында 5 жасар бала суға батып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/190727/)