Ресейде президенттік сайлаудың алдын ала нәтижесі жарияланды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, қазіргі мемлекет басшысы Владимир Путинге сайлаушылардың 87 пайыздан астамы дауыс берген.
Ресей Федерациясы Коммунистік партиясынан кандидат Николай Харитонов - 4,32 пайыз дауыс жинап, екінші орында. Шараның өту барысын мыңнан аса халықаралық байқаушы бақылаған. Бұл жолы сайлаушылар жоғары белсенділік танытқан. Дауыс беруге құқылы азаматтардың 74,22 пайызы өз таңдауын жасады.
Арай Төлеген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейде Президенттік сайлаудың алдын ала нәтижесі жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/190728/)