Шорт-тректен Роттердамда өтіп жатқан әлем чемпионатында жерлесіміз Денис Никиша 500 метрлік жарыста екінші орын алды. Бұл – Қазақстанның шорт-тректен ересектер арасындағы әлем біріншілігінде алған алғашқы тарихи медалі.
Осыған дейін спортшыларымыз Азия ойындарында және әлем кубогы кезеңдерінде ғана жүлде алып жүрген. Бұған қоса, Қазақстан шорт-трек құрамасы үш олимпиада қатарынан жүлдеге бір қадам жетпей келген. Спортшыны жеңісімен Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин құттықтады.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық шорт-трекші Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/190735/)