Tiktok наурызға арналған онлайн-фестиваль өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Tiktok наурызға арналған онлайн-фестиваль өткізеді

18.03.2024

Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған фестиваль жүлдегерлері бағалы сыйлықтарға ие болады. Мәдениет және ақпарат, спорт министрлігі мен Тикток платформасы Ұлыстың ұлы күніне арнап, онлайн-фесиваль өткізеді. Қосымшаны қолданушылар Наурыз2024 хэштегімен мерекеге қатысты тағамдар әзірлеуден бастап, ұлттық сән үлгілеріне дейін, аңыздар мен дәстүрлерден музыка мен биге дейін түсіріп, жариялайды.

Мұндай Креативті контент жасау арқылы әлемге еліміздің көркем салт-тәстүрлері мен халқымыздың құндылықтарын паш ету көзделген. Челлендждің Қорытындысы 22 сәуірде шығады.

Динара Жақыпбек

Хабарламаларға жазылу