Енді қазақ шаруалары сырт елдің сапалы тұқымын егетін болады. Бұл туралы Таразда өтіп жатқан халықаралық ауыл шаруашылығы форумында айтылды. Халықаралық жиынға 12 елдің агросала министрі мен 70-тен аса сарапшы шақырылған.
Басты мақсат – тұқым тапшылығын шешу жолында тәжірбие алмасу. Форум әлі екі күнге жалғасады. Әзірге қатысушыларға түрлі ауылшаруашылық техникаларының көрмесі көрсетілді. Ал түскі уақытта тұқым шаруашылығын дамыту тақырыбы қозғалады. Сондай-ақ, өнімділікті арттыруда ғалымдар еңбегінің нәтижесімен бөліседі.
Ербол Тасжүреков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:
Зерттеп тапқан тұқымдардың генетикасын элиталық сорттағы тұқымдарды тауып, солардың ең жақсы көрсеткен нәтижелерді бізбен бөліседі. Бірқатар тұқымдарды сырттан әкеліп жатырмыз. Біздегі мақсат 5 жылдың ішінде өзіміздің ұлттық тұқымдарымызды дамыту.
Данияр Әлімқұл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақ шаруалары сырт елдің сапалы тұқымын егетін болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/190863/)