Ұлттық арна Наурыз марафонын ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна Наурыз марафонын ұйымдастырды

20.03.2024

Ұлыстың Ұлы күні, наурыз мейрамына орай көрермендерге тарту. Ұлттық арна Наурыз марафонын ұйымдастырды. Кеш қызыққа толы. Түсірілім 4 сағат бойы үзіліссіз жүргізілді. Ән де, жыр да, айтыс, ойын, бүгінгі күннің батырлары, ұлттық киімдердің сән үлгісі, бәрі-бәрі қамтылды. Наурызнаманы 10 күн бойы қалай атап өту керек, ұлттық брендті қалай дамытамыз? Самал Қабышева баяндайды.

Бұл ән бұрыңғы әннен өзгерек дегендей, наурыз марафонының форматы да ерекше. Жиналған қауым түсірілім алаңына емес, құдды бір ауылға жиналғандай әсер алды. Себебі, Наурыз мерекесіне арналған кеш концерттік бағдарламамен шектелмеді.

Мерекелік шарада алып күш иесі Сергей Цырульник темір тағаны майыстырған жеңімпазға 1 миллион теңге жүлде атады.

Жайлауда жүргендей керемет. Ана жерден апрқан тартыс, мына жақта айтыс, көңіліміз шалқып тасып жатыр. Қазағым бар болсын, бай болсын.
 Мынаның барлығын көргеннен керемет күшті әсер алып отырмын.

Ұлыстың ұлы күні қалай ұлықталуы керек.? Осы және өзге де наурыз мерекесі жайындағы түрлі сауалдарға салмақты ойлар айтылды.

Айгүл Ісмақова, филология ғылымдарының докторы :

Наурыз мейрамы 1926 жылы тойланған. Содан кейін тоқтаған. Совет үкіметі кезінде Наурызды тойлатпаған.

Жанарбек Әшімжан, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Наурыздың құндылығы сонда, жылына бір рет тойлағанмен Наурыздың салты, дәстүрі, жыл бойы отбасынан отанға дейін жалғасады.

Дәулеткерей Кәпұлы, ақын:

Текпен келетін, қанмен келетін нәрсе, тарихында бар нәрсені қайтару деген аса қиын шаруа емес. Оған адамның санасы керек. Жүректегі қуаныш керек. Қазіргі наурызға қазақ баласы жүрекпен қуанып жатыр.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті сенатының депутаты:

Мемлекет басшысының Наурызды кең көлемде атап өту тапсырмасы биыл осындай кең көлемде тойлану мазмұнына ие болды деп ойлаймын.

Самал Қабышева, тілші:

Міне, қымбатты көрермен өздеріңіз жаңа ғана естігендей, осындай көне аспаптарымыз Ұлттық арна ұсынған марафонда ұлықталып жатыр. Марафонның толық нұсқасын 22 наурыз күні 11:45-те көре аласыздар.


Хабарламаларға жазылу