Наурыз мерекесіне орай, Ыстамбұлдың тарихи жерлерінде домбырашылар күй шертті. Ерекше флеш-мобты Қазақстанның бас консулдығының мұрындық болуымен, домбырашылар курсының шәкірттері өткізді. Византия дәуірінен қалған жер астындағы Йеребатан Сарынжы су қоймасында, сондай-ақ, Сұлтан Ахмет мешітінің алаңында күй тартқан домбырашылар көпшіліктің ықыласына бөленді.
Қазақтың ұлттық киімін киген жастар күй тыңдауға жиналған шетелдіктерді Наурыз мейрамымен құттықтап, ұлттық аспабымыз туралы мағұлмат берді.
Айдос Әшім
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Стамбұлдың тарихи жерлерінде қазақтың күйі шертілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/190947/)