Мәскеу түбіндегі «Крокус сити холл» концерт залында қаза тапқандар саны 139-ға жетті. Мұны Ресей тергеу комитеті мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 182 адам жараланған.
Қазір тұрғындар Красногорск қаласындағы концерттік зал маңына гүл қойып жатыр. Бұл ғимаратқа қарулы топ наурыздың 22-де басып кіріп, оқ жаудырды. Шабуылдан кейін төрт азамат тұтқындалған. Олар айыптарын мойындады және өмір-бақи түрме жазасына кесілуі мүмкін. Тағы жеті күдікті ұсталып, тергеліп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәскеуде концерттік залға жасалған шабуыл құрбандарының саны 139-ға жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/190997/)