Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданының екі ауылында 26 үйге қарғын су кірді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, түнде Аңқаты ауылында жауын-шашынның мол түсуі мен қардың еруінен 16 тұрғын үйге су жайылған. 27 адам мектеп-интернатқа қайықпен жеткізілді. Мал мен құс қауіпсіз жерге шығарылды. Подстепный ауылында да, он үйге су кіріп, бірнеше отбасы аудандық колледж жатақханасына эвакуацияланды. Өңірдегі 6 тасжолды су шайып кетті. Қазір жол жиектеріне құм төселіп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып жатыр.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Батыс Қазақстан Теректі ауданының екі ауылында 26 үйге қарғын су кірді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191036/)