Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары қарғын су басқан елдімекен тұрғындарына көмектесу үшін Қостанай облысына аттанды. 10 маман Арқалық қаласына барады. Олар вахталық Камаз және жол талғамайтын Шерп көліктерімен жарақтандырылды. Сондай-ақ, жүзу құралдары, сүңгуірлік жабдықтар, су өткізбейтін костюмдер, құтқару кеудешелері мен радиостанциялар жеткізбек.
Олжас Керейхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ШҚО-ның құтқарушылар тобы Қостанай облысына көмекке аттанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191091/)