Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарындағы су жайылған елдімекендерден 2 мыңнан аса адам эвакуацияланды. Олардың 613-і бала. Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, осы күнге дейін 1700 млн текше метр еріген су айдалды. Құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Күштік құрылымдардан жалпы саны 6 мыңнан астам адам мен 1 600-ге жуық техника және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 6 әуе кемесі жұмылдырылды.
Тәуірбек Бозекен
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Су жайылған елдімекендерден 2064 адам эвакуацияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191128/)