Қырғызстанда да дәл Алматыдағы жағдай. Бішкекте қатты дауыл соғып, 11 мектеп пен 8 балабақша зақымданған. Жергілікті БАҚ-тың ақпаратына жүгінсек, бас қала мен Шу облысында желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жетіп, төтенше жағдай жарияланды. Дауылдан 10 адам зардап шегіп, 70 әлеуметтік нысан мен 80 үй және 4 шаруашылық зақымданған. Бішкектің өзінде 26 әлеуметтік нысан бүлінген. Ағаштар құлап, ғимарат шатырлары қираған. Көліктер бүлініп, көшеде қозғалыс шектелген. Троллейбус желілері де зақымданған.
Динара Жарқынбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қырғызстанда қатты жел салдарынан төтенше жағдай жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191137/)