Навруз, Науроз, Наврез, Нооруз. Наурыздың осындай бірнеше атауы бар. Бұл күнді көрші қырғыз, өзбек, Түрікменстан елдерімен қатар, парсы халықтары да тойлайды.
Мәселен, бүгін Америкадағы ирандықтар Жаңа жылды қарсы алды. Олар Лос-Анджелес орталығына жиналып, баспанасыз жүрген 2 мың адамды тамақтандырды. Бұл мейрамды ирандықтар 3 мың жылдан бері тойлайтындықтан, олар үшін бұл мерекенің маңызы зор.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Наурыз әлемнің бірнеше елінде тойланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/1912/)