Киіз үй, ұлттық тағамдар мен қазақи нақыштағы киімдер және 50 түрлі музыкалық аспап. Бейжіңдегі Ұлттық опера үйінде қытайлықтарға қазақтың мәдениеті, салт-дәстүрі таныстырылды. Сондай-ақ, гала концерт ұйымдастырылып, 150-ден астам әнші, биші мен күйші ән мен жырдан шашу шашты. Шараға қатысқан премьер-министрдің орынбасары Мұрат Нұртілеу екі елдің достығы нығайып келе жатқанын айтып, көршілерімізді туризм саласын бірге дамытуға шақырды. Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жолдауын оқыды.
Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі:
Баршаңызды Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының салтанатты ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Осы бірегей бастамаға қолдау көрсеткені үшін ҚХР төрағасы құрметті Си Цзиньпин мырзаға шынайы ризашылығымды білдіремін. Екі ел арасындағы қарым-қатынас, достық, тату көршілік және меңгі стратениялық ынтымақтастық рухында дамып келеді. Баршаңызға зор денсаулық, бақ береке, толағай табыс тілеймін. Сіздерді қазақтың қонақжай жерінде күтеміз. ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Нұрсұлтан Тілектес
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық өнерпаздар Қытайда өнер көрсетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191205/)