Елордада некеге тұруды жоспарлап жүргендерге арналған арнайы тренинг өтті. Екі күнге созылған шараға бірнеше жұп қатысты. Халықаралық қоғамдастықтың сарапшылары жиналғандарға құқықтық сауаттылық, отбасындағы зорлық-зомбылықты алдын алу және жауапкершілік тақырыбында талқылау өткізді. Ал отбасын қолдау орталығының мамандары тренингкке келген жас жұбайларға өз кеңестерін берді.
Руслан Тоқатов, заңгер, Мемлекеттік басқару академиясының тренері:
Соңғы статистикаларды алып қарайтын болсақ, бір жылдың ішінде 34 пайыз отбасылар некелеседі де, 1 жылға жетпей ажырасып жатады. Жалпы мемлекет тарапынан ең алдымен салдарымен күрескенше, себеппен күрес деген саясатты алға жүктеп отыр. Соның ішінде басты, маңызды мәселелердің бірі осы бүгінгі өткізіп жатқан шаралар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада некеге тұруды жоспарлап жүргендерге арналған тренинг өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191262/)