Елордадан су тасқыны болған өңірлерге 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді. Астаналықтар аймақтағы зардап шеккен тұрғындарға қажетті киім-кешек, азық-түлік, жеке гигиеналық заттарды әкелуде. Қазір 9 қойма таңғы сағат 9-дан кешкі 8-ге дейін жұмыс істеп тұр. Іс-шараға 30 волонтерлік ұйым, 200 волонтер атсалысуда.
Сұлтан Өмірғалиев, жастар ресурстық орталығының маманы:
Су тасыған аймаққа көбінесе өзі ниет білдіретін адамдар көп. Мысалы Қостанай облысында «Газель» жүргізушілері өздері бізге хабарласып: Біз өзіміз тегін апарасақ бола ма?,-деген сияқты. Одан бөлек Астана қаласының тұрғындары да өз еркімен көмектесіп жүрген жүргізушілер бар. Солар арқылы жіберетін боламыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордадан су тасқыны болған өңірлерге 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191285/)