Алматыда аутизм дертіне шалдыққан балаларға арналған «Сән көрсетілімі» шоу спектаклі өтті. Шара Дүниежүзілік аутизм күрес күніне орайластырылған. Дертке шалдыққан балалар ата-анасымен бірге подиумда жүріп өтті. Олар көпшілік назарына күнделікті киюге ыңғайлы киімдер ұсынды. Іс-шараға елімізге танымал киім брендтерінің авторлары мен стилистері қолдау көрсетті. Ұйымдастырушылар ерекше балалардың көңілін аулап, оларды қоғамға бейімдеу мақсатында осындай шараларды дәстүрге айналдырсақ деп отыр.
Айдана Қуантхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда аутизм дертіне шалдыққан балалар сән үлгісін көрсетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191306/)