Қолайсыз ауа-райы еуропалықтарды да әбігерге салды. Францияда су тасқынынан 200 адам оқшауланса, Польшада дүлей дауылдан 5 адам қайтыс болды. Сағатына 100 шақырым жылдамдықпен соққан желдің кесірінен ағаштар автокөліктерге құлап, көліктің ішіндегі жолаушылар ауруханаға жетпей жан тапсырды.
Ауа-райының қолайсыздығынан Польшаның Оңтүстігіндегі елді-мекендерде саябақтар, тау-шаңғы кешендері жабылды. Синоптиктер, жақын күндері тағы да дауыл соғатынын айтып, тұрғындарға мейлінше сақ болуды ескертеді.
Нұрсұлу Қасым
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Польшада дүлей дауылдан бес адам қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191343/)