0:00:00
0:00:00
Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланды. Өңірдің Сырым, Теректі, Қаратөбе, Бөрлі аудандарында үйлерді жаппай су басып, халық қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. 4 мың адам эвакуацияланған. Оның тең жартысы балалар. Облыс әкімдігінің ақпаратына сәйкес, Ресейден бастау алатын өңірдегі 5 трансшекаралық өзеннің су деңгейі көтерілген. Салдарынан Қараөзен, Сарыөзеннің де су деңгейі ұлғаюда. Қазталов және Жанғалин аудандарын су басу қаупі бар. Аймақта алдын-алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Самал Қабышева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191354/)