Алматыдағы мектептердің бірінде бас есепші мен директордың орынбасары 11 миллион теңге жымқырған. Қала прокуратурасының мәліметінше, олар 2019 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың тамызына дейін кейбір бюджеттік төлемдерді негізсіз аударып келген. Күдіктілер 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Коммерциялық ұйымдарда лауазымды қызмет атқару құқығы шектелді. Мемлекетке келген шығын толық қайтарылған. Үкім заңды күшіне енді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда мектеп директорының орынбасары мен бас есепшісі 11 млн теңге жымқырған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191400/)