Тасқын судан зардап шеккен аймақты қалпына келтіруге қажетті ресурстар бөлінеді. Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев осылай деді. Ол төтенше жағдай жарияланған Амангелді, Жангелді аудандары мен Арқалық қаласындағы жағдаймен танысып, әкімдермен, облыстық басқарма басшыларымен бірқатар кездесу өткізді.
Вице-Премьер апаттық-құтқару жұмыстарын әрі қарай жүргізу, құтқарылған адамдарды барлық қажетті заттармен қамтамасыз ету, шығынды бағалау, бүлінген үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша бірқатар тапсырма берді.
Қаракөз Тұрмағанбет
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Аймақтарды қалпына келтіруге қажетті ресурстар бөлінеді - Қанат Бозымбаев&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191415/)